2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету
жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі ___________ Т.ДҮЙСЕНОВА
2015 жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және
даму министрі ___________ Ә.ИСЕКЕШЕВ
2015 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы
27 ақпандағы №156 бұйрығымен бекітілген
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге:
1) жобалау, жер таңдау, салу;
2) реконструкциялау, жөндеу, іске қосу және күтіп-ұстау;
3) өндірістік және тұтыну қалдықтарын жинау, аймақтарды күтіп-ұстау;
4) сумен жабдықтауды, су бұруды, жарық беруді және желдетуді (кондиционерлеуді) ұйымдастыру;
5) қызметкерлерге еңбек жағдайын жасау, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өндірістік факторлармен жұмысқа;
6) гигиеналық оқыту, медициналық қамтамасыз ету, қызметкерлерге арнайы және емдік-профилактикалық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кезінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:
1) авиациялық техникалық база (бұдан әрі – АТБ) – әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, конструкцияларын, технологиялық жабдығы мен жарағын пысықтау, ұшу ақпаратын жинау және мағынасын ашу бойынша кешенді жұмыстарды орындауға арналған құрылыстар, механикалық және басқа да құрал-жабдықтар кешені;
2) ангар – көлік құралдарын сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыс;
3) автокөлік кәсіпорны – автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсетуге, сақтауға және жөндеуге арналған құрылыстар, оның ішінде жолаушылар автобусы кешенін қамтитын, автомобиль көлігі инфрақұрылымының бір бөлігі;
4) автомобиль жанар май құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;
5) авто-газ құю станциясы – сұйытылған газды сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;
6) автомобиль көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциясы (шеберханасы) – автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыстар кешені;
7) автовокзал – жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адамды құрайтын автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған құрылыстар кешені және құрамында: билет кассалары, сыйымдылығы жетпіс бестен жоғары жолаушыларға арналған күту залы бар күрделі ғимаратты, жүргізішілерді медициналық тексерістерден өткізуге және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге арналған медициналық пунктерді, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустарға арналған тұрақтарды, автобустарды тексеріп қарауға арналған бекеттерді, диспетчерлік пунктерді және ана мен балаға арналған бөлмені қамтитын;
8) автостанция – жолаушылар легі тәулігіне кемінде бес жүз адамды құрайтын автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан және құрамында: билет кассалары, сыйымдылығы жетпіс бес адамға дейінгі жолаушыларға арналған күту залы бар күрделі ғимаратты, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустар тұрақтарына арналған, алаңды диспетчерлік пункттерді қамтитын құрылыстар кешені;
9) ауылшаруашылық әуеайлағы – авиациялық-химиялық жұмыстарды орындайтын арналған азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуеайлығы;
10) авиациялық-химиялық жұмыстар (бұдан әрі – АХЖ) – ауылшаруашылығы, орман және басқа да алқаптарда азаматтық авиация пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдана отырып атқаратын жұмыстар;
11) әуевокзалы – әуежайларда әуе көлігі жолаушыларына қызмет көрсетуге арналған құрылыстар мен ғимараттар кешені;
12) әуежай – әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін әуеайлық, әуевокзалы, басқа да құрылыстары, сондай-ақ қажетті жабдықтары бар құрылыстар кешені;
13) бластчиллер – өнімді мұздататын қарқынды салқындату аппараты;
14) борттық тағам – әуе кемелерінің авиажолаушылары мен экипажына арналған, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында берілетін тамақ;
15) борттық тамақтандыру объектісі – борттық тағамды өндіру, қайта өңдеу, өткізу және ұйымдастыру бойынша қоғамдық тамақтану объектісі;
16) борттық тағам рационы – әуе көлігі бортында бір адамның тамақтануына арналған тамақ өнімдерінің жиынтығы;
17) вагон және локомотив депосы, локомотив-жөндеу және вагон-жөндеу зауыттары – вагондарды, локомотивтерді жоспарлы және күрделі жөндеуге, вагон, локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеуге және жинақтауға арналған өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, темір жолдар кешені;
18) диспетчерлер – көлік құралдарының қозғалысын жедел бақылау және басқару орталығының (пунктінің) операторлары;
19) диспетчерлік орталық (пункт) – қажетті жабдығы бар диспетчерлердің жұмыс орындарын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай);
20) дефростер – өнімдерді ерітуге арналған жабдық;
21) дастархан әзірлеу бөлімшесі – борттық тағам объектісіндегі борттық тағамды жинақтауға және әзірлеуге арналған учаске;
22) дегазациялық алаң – авиациялық химиялық жұмыстар біткеннен кейін әуе кемелерін дегезациялау және пестицидтерден тазартуға арналған алаң;
23) жабық вагондарды дайындайтын кешенді пункт – азық-түліктерді, шаруашылық, қатты әсер ететін химиялық заттарды және сусымалы қауіпті жүктерді тасымалдағаннан кейін жабық вагондарды тазалауға, жууға және дезинфекциялық өңдеуге арналған объект;
24) жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, ағымдық жөндеу және жабдықтау пункті – жолаушылар вагондарының жарамдылығын, ағымдық жөндеуді қамтамасыз ететін және жылжымалы құрамды тексеруге, тіркемеден ажыратпай ағымдық жөндеуге және тасымалдауға дайындауға, жабдықтауға арналған темір жол көлігінің бөлімшесі;
25) жол машина станциясы – жолды орташа және күрделі жөндеуді жүзеге асыруға арналған теміржол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;
26) жол дистанциясы – теміржолдарда ағымдық күтіп-ұстау, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыратын теміржол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;
27) жолаушылар ғимараты – теміржол көлігі тасымалы бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар, құрылыстар кешені (жолаушылар платформалары және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқада мүлік түрлері;
28) жұмыс аймағы – тұрақты немесе уақытша жұмыс орны орналасқан алаңның немесе еденнің деңгейінен биіктігі екі метрге (бұдан әрі – м) дейінгі кеңістік;
29) көлік – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, ішкі су, әуе көлігі;
30) көлік құралдары (автомобиль, әуе, су, теміржол) мен жолаушыларға қызмет көрсету объектілері (бұдан әрі – көлік объектілері) – көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және жарақтандыруға, сондай-ақ жолаушыларға, багажға, жүк-багажға, жүктерге және пошта жөнелтілімдеріне қызмет көрсетуге арналған көліктің жылжымайтын мүлік құрылысы немесе құрылыстар кешені;
31) касалетка – тамақты порциялауға арналған арнайы ыдыс (фольгадан, шыныдан, фарфордан жасалған);
32) қалыпқа келтіру пойызы – рельстердің жолдан шығуынан және жылжымалы құрамның соқтығысуынан болған зардаптарды жоюға, сондай-ақ апатты жағдайларда көмек көрсетуге арналған пойыз;
33) өзен порты – жер учаскесі мен ішкі су жолдары акваториясында орналасқан, жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктерді тиеу, түсіру, қабылдау, сақтау және беру, өзге көлік түрлерімен өзара әрекет ету мақсатында құрылған және жабдықталған құрылыстар (өзен вокзалын, павильонды қоса алғанда) кешені;
34) өндірістік жүк тиеу кешендері – шаңдағыш жүктерді тиеуге, түсіруге, қабылдауға, сақтауға, беруге және қайта өңдеуге арналған құрылыстар кешені;
35) өндірістік объекті – адам денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көзі болып табылатын процестерді, қондырғылар мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын, жұмыс жасаумен және қызмет көрсетумен, азық-түлік өндірумен айналысатын шаруашылық қызмет объектісі;
36) порциялау – дайын өнімдерді порцияға бөліп орау;
37) пестицидтер – зиянды ағзалармен күресу үшін қолданылатын химиялық заттар. Пестицидтерді мынадай топтағы заттар біріктіреді: арамшөптерді жоятын – гербицидтер, зиянкес-насекомдарды жоятын - инсектицидтер, патогенді саңырауқұлақтарды жоятын – фунгицидтер, жылықанды зиянды жануарларды жоятын – зооцидтер және басқалар;
38) санитариялық-карантиндік тұйық – карантиндік немесе аса қауіпті инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған жолаушылары бар вагонды оқшаулауға және қоюға арналған теміржол төсеміндегі учаске;
39) санитариялық киім – шикізатты, қосалқы материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектер мен микроорганизмдермен ластанудан қорғауға арналған қызметкерлердің киім жиынтығы;
40) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – жұмыстың немесе қызметтің, азық-түліктің, шаруашылықтың немесе басқа қызметтің, өмір сүру факторларының, жобалық құжаттардың гигиеналық нормативтермен санитариялық қағидаларға сәйкестігін (сәйкессіздігін) нақтылайтын құжат;
41) теміржол вокзалы – тұрғындарды теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру бойынша қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, құрылыстар (жолаушы платформаларын және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;
42) тоңазытқыш элемент – ішіне су толтырылған, тұмшаланған жабық сыйымдылықтағы салқындатқыш элемент, ол пайдалану алдында мұздатылады және контейнерде 0 градус Цельсийден +8 градус Цельсийге (бұдан әрі – °С) дейінгі температура шегінде ұстап тұрады;
43) теңіз порты –, кемелерге, жолаушылар мен багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жүргізілетін операцияларды жүзеге асыруға арналған жер учаскелерінде орналасқан (теңіз вокзалын қоса алғанда) құрылыстар кешені;
44) тиеу алаңы – әуе кемелеріне пестицидтер тиеу алаңы.
3. Эпидемиялық маңызы бар көлік объектілерін жобалау, реконструкциялауға және пайдалануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда жол беріледі.
4. Көлік собъектілерінің басшылары дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді.
5. Көлік объектілерінің қызметкерлері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес міндетті медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
6. Жұмыс беруші осы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайының үнемі сақталуын қамтамасыз етеді.
7. Көлік объектілерінің өндірістік үй-жайлары мен жұмыс орындары дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектермен жиынтықталған медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі.
8. Қызметкерлердің декреттелген топтарында медициналық тексерістен өткені және жұмысқа рұқсат берілген туралы белгімен белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшалары болады.
2. Көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі
объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
9. Жобаланатын, реконструкцияланатын, салынып жатқан және пайдаланатын объектілерге, сондай-ақ ықтимал қауіпті және (немесе) халықтың денсаулығы үшін маңызы бар басқа объектілерге халықтың саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшелерінің тексерулері, өзге де бақылау нысандары нәтижелері және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.
10. Көлік объектілерінің аумағы селитебті және рекреациялы аймақтардың ық жағына орналастырылады.
11. Көлік объектілері орталықтандырылған суық және ыстық су жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Орталықтандырылғын су құбырын немесе сумен жабдықтаудың басқа көздерін қосу мүмкін болмаған жағдайда сырттан әкелетін су пайдаланылады. Су санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар көліктермен жеткізіледі.
12. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына арналған су «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілетін нормалау құжаттарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) сәйкес болуы тиіс.
13. Көлік объектілерін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жергілікті су ысыту жүйесінің жабдығы көзделеді.
14. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік сумен жабдықтау жүйелері бөлек көзделеді.
15. Керек-жарақ пунктінде су құбырының желісі ұстатқыштармен (ажырату және жөндеу жұмысын жүргізу үшін) жалғастырылған кемінде негізгі екі магистралі бар айналмалы жүйе түрінде көзделеді.
16. Керек-жарақ пункттерінде, теміржол жол аралықтарында орналасқан су тарату колонкалары (бұдан әрі – су тарату колонкалары), шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша теңіз және өзен жағалауы қондырғылары (бұдан әрі – жағалау қондырғылары) суды бұру жүйесіне судың ағысы үшін еңісі бар бетон су ағатын жол орнатылады, мұз қатудан, дренаждан қорғаныш құрылғылары бар.
17. Су тарату колонкалары мен жағалау қондырғылары су құю шлангісі басының ластануын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады. Вагондарға, су көлігіне су құю аяқталған соң, су құю шлангілерінде қалған су төгіледі.
Су толтыру шлангілерінің басын жерге сүйретіп тасымалдауға жол берілмейді.
18. Көлік объектілері орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылады, ал ол болмаған жағдайда жергілікті су бұру жүйесі көзделеді. Кәрізі жоқ көлік объектілерінде аула әжетханалары су өткізбейтін шұңқырдан жасалып, ғимараттан 25 м жақын емес ара-қашықтықта орнатылады.
Қазылған щұңқырлар, септиктер көлемінің үштен екі бөлігінен асырылмай толғаннан кейін уақтылы тазартылып, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасы негізінде жабдықталады.
19. Көлік объектілерінің аккумулятор цехында (бөлімшесінде) сарқынды суларды және пайдаланылған электролитті тазалау және бейтараптандыру үшін су бұрудың бөлек жүйесі жабдықталады.
Сақтау және жұмыс бөлмесі бөлек сорып тарту және шығару желдеткіші бар ғимараттың бірінші қабатында орналасуы қажет. Бөлмені ішкі әрлендіру агрессиялық заттарға төзімді материалдан жасалады.
Ылғалды режимде жұмыс жасалатын бөлменің қабырғалары бүкіл биіктігі бойынша жуғыш және дезинфекциялық заттармен жуылатын ылғалға төзімді материалдан жасалады.
20. Жабық вагондарды дайындайтын кешенді пунктте сарқынды сулар механикалық тазартудан, тұндырылғаннан, залалсыздандырылғаннан, сондай-ақ бейтараптандырылғаннан кейін су бұру жүйесіне шығарылады.
21. Көлік объектілерінде өндірістік, жерүсті жауын-шашын ағыстарын, сарқынды суларды қабылдауды қамтамасыз ететін су бұру жүйесі көзделеді.
22. Көлік объектілерінде нормалау құжаттарына сәйкес табиғи және жасанды жарықтандыру көзделеді.
Қолданылған люминисцентті шамдар, құрамында сынабы бар құралдар мен жабдықтар сақтау және тасымалдау кезінде олардың тұтастығының бұзылуын болдырмайтын, тығыз жабылатын ыдыстарда тасымалданып, сақталады.
Сынабы бар құралдарды сақтайтын үй-жайларында температура +18 °С жоғары болмауы тиіс, бақылау үшін термометрлер орнатылады.
23. Көлік объектілерінде +18 °С-тан +24 °С-қа дейінгі температура параметрін, 50-60% (бұдан әрі – %) ауаның салыстырмалы ылғалдылығын қамтамасыз ететін табиғи және жасанды желдету, жылыту, ауа баптау жүйелері көзделеді.
24. Көлік объектілеріндегі аккумулятор бөлімшесінің үй-жайларындағы температура +15 °С-тан +20 °С-қа дейін болып көзделеді.
25. Көлік объектілерінің сыртқы кіру және шығу есіктері ауа-жылу перделерімен жабдықталады.
26. Химиялық зиянды заттар мен шаң-тозаң шығару мен ілесетін технологиялық жабдығы мен процестері бар көлік объектілерінің үй-жайлары жергілікті сору желдеткішінің құрылғыларымен (жергілікті сору) жабдықталады.
27. Ауаға зиянды химиялық заттар мен ылғал шығару көзі болып табылатын жабдықтарда (бактар, ванналар) жабық құю көзделеді.
28. Шу және діріл көздері бар көлік объектілерінің үй-жайлары (цехтар, учаскелер) басқа өндірістік үй-жайлардан алшақ орналастырылады.
Қыс мерзімінде дірілдік қауіпті аймақтарда температура реттегіші бар жергілікті жылыту құралдары орнатылады.
Дірілі бар жабдықпен жұмыс жылуы бар бөлмелерде (ауа температурасы 16 °С, ылғалдылығы 40-60 % және ауа жылжу жылдамдығы 0,3 м/с) жүргізіледі.
Демалу бөлмелерінде ауа жылжу жылдамдығы 1-2 м/с болатын қолды жылы ауамен (25-28 °С) жергілікті жылытатын құрал орнатылуы қажет.
29. Жұмыс орындарында діріл тудыратын жабдық бөлек іргетастарға немесе дірілді оқшаулағышы (дірілді басатын төсеніштер мен кілемшелер) бар ұстап тұратын конструкцияларда орнатылады.
30. Депо цехтарындағы рельс жолдары тығыз дірілді шектеуші негізге салынады. Дизель-генераторының қабырғалық сынақтары басқа үй-жайлардан және персонал орналастырылған басқару пультінен дыбыстық шектелген бөлек үй-жайларда жасалады.
31. Көлік объектілерінде шудың, дірілдің, инфрадыбыстың деңгейі нормалау құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
32. Көлік объектілерінде техникалық персонал, сондай-ақ жөндеу, қалпына келтіру, тиеу-түсіру, сырлау жұмыстарымен, техникалық қызмет көрсетумен, тазалаумен, жуумен, дезинфекциялаумен айналысатын қызметкерлер үшін:
1) арнайы және жеке киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтары бар киім ілетін орын;
2) арнайы киімді кептіруге арналған үй-жайларды, жылыну бөлмесін және қысқа уақыт демалатын бөлме;
3) себезгі бөлмесі;
4) санитариялық тораптар;
5) тамақ ішетін бөлмені қамтитын санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар қарастырылады.
Барлық теміржол аралығы жұмыскерлері үшін демалу мен жылынуға арналған бөлмелер қарастыру қажет.
Бөлменің ауданы бригададағы бір жұмыскерге есептегенде кемінде 0,3 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) есеппен алынады.
Аралықта жұмыс істейтін жұмыскерлерге жаз мезгілінде ауыз су бөшкелерде ашық ауада орнатуға рұқсат етіледі. Көрсетілген бөшкелерді бастырма астына жерден биік орналастыру қажет.
33. Қысқа уақыт демалатын орындар мен жылынуға арналған үй-жайларды тамақты ысытуға арналған жабдықпен және тоңазытқышпен, ыдыс-аяққа арналған шкафпен жабдықталған тамақтануға арналған үй-жайлармен біріктіруге жол беріледі.
Локомативті бригада, жол қызметі, электрофикация, сигнализация, байланыс және басқа көлік объектілері қызметіндегі жұмыскерлер ыстық тағаммен қамтамасыз етілген жағдайда термостар беруді қарастыру қажет.
Бұл ретте, тамақтанатын жерде үстел, орындықтар, қолжуғыштар, тамақты жылытуға қажет газ пештері (жылжымалы баллонмен) орнатылады.
34. Себезгі бөлмелері салқын және ыстық су келіп тұратын кабиналармен жабдықталады.
35. Көлік объектілері ыстық және салқын су келіп тұратын раковиналар, қол жууға арналған заттар, бір рет қолданылатын сүлгі немесе электр сүлгі қарастырылған санитариялық тораптармен жабдықталады.
36. Көлік объектілерінде, оның ішінде өндірістік және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда функциональдық мақсаты бойынша пайдаланылатын жинау мүкәммалын жууға, кептіруге, сақтауға арналған үй-жай (орын) бөлінеді. Себезгі бөлмелері салқын және ыстық су келіп тұратын кабиналармен жабдықталады. Қабырғалары мен төбелері ылғалды жуу мен дезинфекцияға төзімді материалдан жасалады.
37. Арнайы киімді және арнайы аяқ киімді кептіру жылытылған және ылғал ауаны соратын құрылғылармен жабдықталған киім ілетін шкафтарда рұқсат етіледі.
Өндірістік үдерісі зиянды заттар бөлумен байланысты қызмет жұмыскерлерінің (аккумуляторшылар, аппаратшылар, сырлаушылар, темір құюшылар және басқа) киім ілетін шкафтары жасанды желдетумен жарақталады.
38. Арнайы киімді залалсыздандыруға және шаңсыздандыру үшін бөлек үй-жайлар көзделеді.
39. Неғұрлым саны көп ауысымда жұмыс істейтін адамдардың ішінде әйелдер саны 15-тен асатын болса, әйелдердің жеке гигиенасына арналған үй-жай көзделеді.
40. Әйелдер саны 15-тен аз болғанда тұрмыстық үй-жайлар жанындағы әйелдер дәретханасында орналастырылған гигиеналық себезгісі бар арнайы кабина орнатуға рұқсат етіледі.
41. Тұрмыстық және өндірістік қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ТҚҚ) жинау үшін 1,5 м биіктікте үш жақтан қоршалған, бетондалған немесе асфальтталған алаңда орнатылған контейнерлер пайдаланылады. Контейнерлер көлік объектілерінің әкімшілік, өндірістік және қосалқы үй-жайларынан кемінде 25 м және 100 м аспайтын қашықтықта орналастырылады. ТҚҚ көлік объектілері аумағынан күн сайын және контейнерлердің толу шамасына қарай шығарылады, ал өндірістік қалдықтар объектіде немесе арнайы ұйымдармен шығарылып, көміледі немесе жойылады. Құрамында уытты заттары бар ТҚҚ көлік объектілерінде жинақтауға рұқсат етілмейді.
42. Басқаруында жолаушылар мен көлік объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалар санитариялық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық және жұмыс аймағының ауасындағы физикалық фактор деңгейі мен зиянды заттардың мөлшеріне, борттық тамақтану цехтарындағы өнімдердің және шаруашылық ауыз-суының сапасы мен қауіпсіздігін бақылау үшін өндірістік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
43. Құрылыс пен жөндеу жұмыстары өндірістерінде уақытша жылынатын және демалу орындары, атмосфералық жауын-шашын мен күн радиациясынан қорғайтын жиналмалы бөлмелер, қалқа, шатыр, желден қорғайтын қоршаулар және басқа қарастырылуы қажет.
Елді мекендерден тыс орналасқан учаскелерде аула әжетханаларын орнатуға рұқсат етіледі. Жол айыру бекеттерінде су бұру желісі болмаған жағдайда, шұңқыры бетондалған аула әжетханасын орнатуға рұқсат етіледі.
3. Локоматив және вагон депосын, локомотив және вагон-жөндеу зауыттарын күтіп-ұстауға
және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
44. Локомотив және вагон депосының, локомотивтік және вагон- жөндеу зауыттарының аумағы өндірістік, әкімшілік, қоймалық учаскелерге бөлінеді. Деполар және зауыттарда «шулы» және дірілді операциялар жұмысты орындауда шуы аз механикаландырылған операцияларға ауыстырылады, сондай-ақ дыбыс сіңіргіш және оқшаулағыш материалдар қолданылады. Вагондарды және жарты вагондарды деполық жөндеу цехтарында оларды қолдан әзірлеу кезінде жеке элементтерді ауыстыруды, тіреуіштерді ажырату және одан әрі қондыру бойынша операциялар жаңғырту арқылы шуды төмендету қажет.
45. Цистернаның автоматты желілерінде ауатаратқыштардан сығылған ауа шығатын жерлерде реактивті бәсеңдеткішті пайдалануды жүзеге асыру қажет. Темір соғу-құю цехтарында отын, сығылған ауа немесе бу шыққан кезде қыздыру пешінде қысымы төмен форсункалар (қысымы жоғары форсунканың орнына) қолданылуы қажет. Қол пневматикалық құралдарын (тегістейтін машина, гайковерт және басқа) қолданған кезде міндетті түрде шу деңгейін төмендететін сериямен шығарылатын бәсеңдеткіштер қолдану міндетті, сонымен қатар мерзімді паспортизациялау және уақтылы жөндеуден өткізіледі.
46. Депо және жөндеу зауыттарындағы цехтарда шулы агрегаттарды қамтитын станоктар мен арнайы камералар сыртынан қапталады. Дірілі бар механизмдер, қаптамалар, құбырлар арнайы жапсырмалармен немесе жалпақ материалмен (киіз, асбест, резеңке және басқа) қапталады.
Машиналарда, технологиялық жабдықтарда, қол құралдарымен діріл қауіпі бар кәсіпте жұмыс істейтіндер және діріл әсер ететін жұмыскерлерді әр алты ай сайын ағзаға діріл әсер етумен байланысы жоқ басқа жұмыста пайдалану ұсынылады.
47. Өндірістік процесі мол жылу шығарумен байланысты жеке санаттағы жұмыскерлер үшін (темір ұсталары, ыстық металды өңдейтін рессоршылар, от жағушылар және басқа) жұмыскерлердің салқындауы үшін арналған құрылғылар мен бөлмелер – жартылай себезгілер мен қол ванналары жабдықталады. Шпалдарды өңдеумен айналысатын жеке санаттағы жұмыскерлер (станочниктер) үшін арнайы аяқ-киімді жууға арналған құрылғылар орнатылады.
48. Вагондарды, локомативтерді тазарту, жуу, құрғату жуылатын бөлімшелерде немесе жеке ғимаратта жүргізіледі.
49. Жуатын машиналар немесе аппараттар желдету жүйесімен және тазарту, сарқынды суларды бұру мен қайта қолдану, қоқысты механикалық тазарту құрылғыларымен жабдықталады. Байқау арықтары едені майланған май мен мұнай өнімдерінен үнемі тазартылады.
Байқау арықтарының едені майдан тазартуға ыңғайлы болу үшін тазартуға жеңіл болатын материалмен қапталады. Су бұру 3 градустан (бұдан кейін - °) кем емес еңісте ашық астау бойымен жүргізіледі. Жүру бөліктері сілтімен жуылады. Осы мақсатқа жабық камерада жуғыш машиналар, электрмашиналар мен электраппараттары үшін үрлейтін камералар қарастырылады.
50. Жылжымалы құрамның жөндеуге алынған барлық агрегаттары мен бөлшектері кір мен майдан тазартылады. Осы мақсатқа тығыз жабылған камерада жуғыш машиналар, электрмашиналар мен электраппараттар үшін үрлейтін камералар қарастырылады.
Сарқынды суларды бұру тазарту құрылғылары арқылы кәрізге қарай көзделеді. Төгілген электролиттер (қышқыл, сілті) бейтараптандырылады.
Электрпоездар, дөңгелектер және арбаларды жуатын машиналар, сондай-ақ бөлшектерді жуатын машиналардан төгілетін сарқынды суларды, аккумуляторлар электролиттерін тазартусыз және бейтараптандырусыз су бұруға қосуға рұқсат етілмейді.
51. Аккумуляторлық бөлімшелер оқшау бөлмеде орналастырылады. Аккумуляторларды жөндеу мен зарядтауға арналған бөлмелердің едені мен қабырғасы еденнен 2 м биіктікте қышқыл-сілтіге төзімді жабынмен қапталған, еденде – су бұру жүйесіне еңіс болу керек.
Қышқылды және сілтілі аккумуляторларды жөндеуге арналған өндірістік бөлмелер бөлек жалпы айналымды механикалық желдетумен, пайдаланылған электролиттерді төгетін және мырыштан бөлшектерді балқытып дәнекерлейтін орындар – жергілікті сорғыштармен жабдықталады.
52. Зарядтайтын, жуып-бөлшектейтін және жинақтайтын бөлмелерде еденді шлангыдан, су ағысымен жууға қажет жинағыш трап қондыру қажет. Аккумуляторлық бөлімшелерді жылыту үшін ашық пештерді, электр пештерді және электр плиталарды қолдануға рұқсат етілмейді.
53. Қышқылдарды сақтау және электролиттерді дайындау үшін бөлек сору-шығару желдеткіші бар бөлме бөлінеді. Қышқылды құю жеке қорғау құралдарымен технологиялық құрылғылармен жүргізіледі.
Аккумуляторлық бөлімшелерде арнайы орындарда қышқылдар мен сілтілермен зақымданған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету құралдары сақталады.
54. Негізгі жұмыс орындарында жасанды жарықтандыру, көзбен көру жұмыстарының сипатына байланысты:
1) дәлдігі аз жұмыс үшін (слесарь-жөндеушілер, слесарь-сантехниктер, аккумуляторшылар, соғушылар) – 100-ден 200 люкске дейін (бұдан әрі – лк);
2) дәлдігі орташа жұмыс үшін (ағаш ұстасы-жонушылар, ағаш ұсталары, фрезеровщиктер, бақылау-өлшеу құрылғыларының слесарьлары, радиомеханиктер) 150 – ден 300 лк дейін құрайды.
Негізгі жұмыс орындарында табиғи жарықтандыру коэффициенті:
1) жоғарғыдан және бүйірден жарық түсіру кезінде 3-тен 4% дейін;
2) бүйірден жарық түсіргенді 0,8-ден 1,2% дейін құрайды.
4. Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу және жабдықтау пункттерін күтіп-ұстау мен пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
55. Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықтау пункттерінің аумағында мынадай учаскелер көзделеді:
1) вагондарды тазалау және сыртын жуу; 2) вагондарды дезинфекциялық өңдеу;
3) вагондарды тұрақта ұстау, жөндеу, ішін жинау; 4) вагондарды мүкәммалмен жабдықтау,
отынмен жабдықтау және су құю.
56. Керек-жарақ пунктінде вагон жуғыш машиналар көзделеді және жабдықталады. Вагондар, вагон жуу машиналары жыл бойы жууды қамтамасыз ету үшін жылу перделері мен калориферлері бар (жылдың салқын мезгілінде вагондарды кептіру үшін) жабық үй-жайда орнатылады. Вагон жуу машинасының жұмыс жабық циклды. Жолаушылар құрамдарын жуу үшін қайта пайдалану алдында айналым суы жергілікті тазалау құрылыстарында мұнай қалдықтарынан, зиянды заттардан тазартылады және залалсыздандырылады.
57. Жолаушылар вагондарын жуу мен дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, жылдың қыс мезгілінде жуу жабық типтегі жуу орнында, ал жаз мезгілінде – су келіп тұратын алаңда жүргізіледі.
58. Жуу және дезинфекциялау құралдарының қоры бөлек үй-жайда сақталады.
59. Керек-жарақ пунктінде жолаушылар вагондарын сапарға дайындау кезінде:
1) пайдаланылған төсек жабдықтарын қабылдау;
2) жұмсақ мүкәммалды ауыстыру кестесі бойынша қабылдау;
3) төсек жабдықтарымен жабдықтау, оны жинақтау;
4) сервистік қызмет заттарымен жабдықтау;
5) жуу және дезинфекциялау құралдарымен, жинау мүкәммалымен жабдықтау жүзеге асырылады.
60. Керек-жарақ пунктінде стеллаждармен немесе шкафтармен жабдықталған төсек жабдықтарын, төсек керек-жарақтарын, алмалы-салмалы жұмсақ мүкәммалды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлар көзделеді.
Бұл ретте, таза және төсек-жаймалар араластырмай және жанастырмай, технологиялық процестің ағымдылығын сақтау қамтамасыз етіледі.
Таза және кір киім-кешектерді тасымалдауға арналған арбалар немесе аз механикаландыру құралдары таңбаланады.
61. Таза және үтіктелген төсек жабдықтарын жинақтау кезінде пакетке төсек-жайманы жинақтау мерзімі, ауысымы көрсетілген заттаңба салынады.
62. Сервистік қызмет көрсету өнімі бөлек үй-жайда сақталады.
63. Рейске жүретін жолаушы вагондарына отын қапталған түрде арнайы көлікпен жеткізіледі және жабдықтау бригадасы жұмыскерлері жәшіктерге жинайды.
64. Керек-жарақ пунктінде төсек жаймаларды, төсек жабдықтарын, стеллаждар немесе шкафтар жабдықталған алмалы-салмалы жұмсақ мүккәмалдарды қабылдау, сақтау және беруге арналған бөлме, вагондардың аккумулятор батареясын және тұру кезінде тоңазытқыш қондырғыларын зарядтау үшін қауіпсіз электрмен зарядтау құрылғылары қарастырылады.
65. Вагон жуатын машина болмаған жағдайда жуу қауіпсіздік ережесін сақталған жолаушылар вагондарының сыртын және арнайы киім қолданылған жағдайда қолмен жуылады. Жуу арнайы бөлінген орында жүргізіледі. Сарқынды суды тазарту мен ағызу тұндырғышта жүргізіледі.
5. Жабық вагондарды дайындайтын кешенді пунктті күтіп-ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
66. Жабық вагондарды дайындайтын кешенді пункттің (бұдан әрі − ВДКП) құрамында:
1) жүктердің қалдықтарын түсіруге және вагондарды өңдеуге арналған учаскелер;
2) вагон жуу машиналарына арналған үй-жай;
3) вагондардың сыртын жууға арналған ангарлар, вагондарды жөндеуге арналған цех;
4) вагондарды өңдеумен айналысатын жұмыскерлерге арналған санитариялық өткізу орны көзделеді.
67. Вагондарды тасымалдауға дайындау кезінде тасымалданған жүктің түріне байланысты ВДКП-да:
1) тексеру; 3) кузовтың ішкі беттерін жуу;
2) вагондарды жүктің қалдықтарынан тазарту; 4) вагондарды кептіру жүргізіледі ретімен жүргізіледі.
68. Қауіпті жүктер тасымалдағаннан кейін вагондарды өңдеу учаскесінде қауіпті жүктердің қалдықтарын жинауға, сарқынды және жуынды суларды залалсыздандыруға арналған алаң, жекелеген су бұру болады.
6. Жол машина станциясын, қалпына келтіру пойызын күтіп-ұстауға және
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
69. Жол машина станциясын, қалпына келтіру пойызының вагонында жатын купе, себезгі бөлмесі, киім ілетін орын, арнайы киімді кептіруге арналған үй-жай, тамақтануға арналған бөлік көзделеді.
70. Тамақтану бөлігінде:
1) ыдыс-аяққа арналған шкаф; 4) тоңазытқыш жабдық;
2) ыстық және салқын су келіп тұратын раковина; 5) ас үй-асхана мүкәммалы көзделеді.
3) суды қайнатуға арналған қондырғы;
71. Жол машина станциясының, қалпына келтіру пойызының құрамында стеллаждармен жабдықталған тамақ өнімдері қорын сақтауға арналған вагон көзделеді.
72. Қалпына келтіру поездарының жұмыс аймағының ауасына зиянды заттарды бөлетін стационарлы өндірістік бөлмелері, сондай-ақ жылжымалы электростанциясын орналастыруға арналып қайта жабдықталған вагон, тракторларға, тартқыштарға арналған вагон-қойма, бульдозерлерге, сорып тартатын және сорып шығаратын желдеткіш жүйелерімен жабдықталады.
73. Қалпына келтіру поездарында зауыттық, типтік керек-жарақтармен (купе, жұмыс аймағы) көзделі, төсек-жабдықтармен, азық-түлік қорымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен жабдықталады.
7. Көлік объектілерінің диспетчерлік орталығын (пунктін) күтіп-ұстауға және
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
74. Көлік объектілерінің диспетчерлік орталығының (пунктінің) (бұдан әрі – орталық) үй-жайларын жертөле үй-жайларында орналастыруға жол берілмейді.
75. Орталықтың қабырғалары мен төбелерінің жабыны дыбыс өткізбейтін материалдардан жасалады.
76. Диспетчердің бір жұмыс орнының ауданы кемінде 6 шаршы метрді (бұдан әрі – м²) құрайды. Отырып жұмыс атқарылатын орындар, көтерілетін – айналмалы орындықпен және рационалды құрастырылған аяқ демеуішпен, еңбек сипатына қарай – арқалығы бар орындықпен және демалуға арналған орындықпен жабдықталады.
77. Диспетчерлердің жұмыс орындарындағы электростатикалық және электромагниттік өрістердің кернеулігінің, радиожиілік диапазонының электромагниттік сәулеленуінің шекті рұқсат етілген деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-кестелеріне сәйкес айқындалады.
8. Локомотив бригадаларының демалыс үйін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
78. Локомотив бригадаларының демалыс үйінің ғимаратында мақсаты бойынша: жатын бөлмелері, тамақтану бөлмелері (асхана), киім ілетін орын, киім-кешек қоймасы (қойма), себезгі, арнайы киімді және аяқ киімді кептіруге арналған үй-жай, санитариялық тораптар көзделеді.
79. Жатын бөлмелерінің ауданы бір адамға кемінде 6 м² болып көзделеді.
80. Киім-кешек қоймасы (қойма) шкафтармен немесе стеллаждармен жабдықталған таза және лас киім-кешектерді бөлек сақтауға арналған үй-жайларды қамтиды. Төсек жабдықтары: жастықтар, матрастар, көрпелер және жапқыштар жылына бір реттен кем емес камералық жолмен дезинфекцияланады, төсек жаймалар – әр қолданылғаннан кейін, жапқыштар – кемінде айына 1 рет, жастық және матрас тыстары жылына кемінде 1 рет жуылады.
9. Автокөлік кәсіпорындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, автомобиль жанар май құю және авто-газ құю станцияларын кү